Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің 22 түрі өзгеріссіз қалады

Малика Хамит 16 қаралым
Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің 22 түрі өзгеріссіз қалады

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдердің бір бөлігіне өзгеріс енгізілмейді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикалық бюджеттен берілетін 36 әлеуметтік төлемнің 22-сі бұрынғы тәртіппен сақталады.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, өзгеріссіз қалатын төлемдер қатарына ядролық сынақтар мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азаматтарға берілетін жәрдемақылар кіреді.

Сондай-ақ зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдар мен мүгедектігі бар азаматтардың жекелеген санаттарына арналған төлемдер де бұрынғы тәртіппен төлене береді.

Осылайша, әлеуметтік қолдау жүйесін өзгерту аясында бірқатар төлемнің қолданыстағы тәртібі сақталады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp