Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда автожол саласын реформалайтын жұмыс тобы құрылды

Малика Хамит 17 қаралым
Қазақстанда автожол саласын реформалайтын жұмыс тобы құрылды

Қазақстанда автожол саласын реформалау үшін арнайы үкіметтік жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ол жол құрылысының сапасын бағалау тәртібін қайта қарап, саланы дамытуға бағытталған жаңа ұсыныстар әзірлейді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен құрылған топ Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын орындаумен айналысады.

Жұмыс тобы жол саласындағы қолданыстағы жүйені талдап, құрылыс стандарттары мен нормаларын жаңартуы керек. Сонымен қатар жол сапасын бақылауды жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу және бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету мәселелері қаралады.

Топ құрамына бірнеше министрліктің өкілдері, көлік прокуратурасы, ұлттық компаниялар, жол сапасын бағалайтын мекемелер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары кірді. Жұмысқа Премьер-министрдің бірінші орынбасары жетекшілік етеді.

Үкімет басшысы жұмыс тобына 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Құжатта қажетті заңнамалық өзгерістер де қамтылуы тиіс.

Бөлісу: Telegram WhatsApp