Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда бар тауарды шетелден сатып алуға болмайды - Бектенов

Малика Хамит
Қазақстанда бар тауарды шетелден сатып алуға болмайды - Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын сатып алуларда отандық өнімге басымдық берілуі керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Үкімет отырысында ол бюджеттен бөлінген қаражат ең алдымен қазақстандық компаниялар мен өндірушілерді қолдауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Үкімет басшысының айтуынша, егер белгілі бір тауар Қазақстанда өндірілсе, оның орнына шетелдік баламасын сатып алу дұрыс емес. Мұндай әрекет мемлекет мүддесіне қайшы келеді.

«Қарапайым тілмен айтқанда, бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек. Ал сол ақшаға сатып алынатын материалдар мен тауарлар да отандық өнім болуы тиіс. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Үкімет мүшелері мен өңір әкімдеріне осы талапты қатаң ескеруді тапсырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp