Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда энергетиктерді өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін

Малика Хамит
Қазақстанда энергетиктерді өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, елге импорттауға және сатуға толық тыйым салу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мұндай ұсынысты депутат Мақсұт Насибулов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Депутаттың сөзінше, соңғы жылдары Қазақстанда энергетиктерді тұтыну көлемі айтарлықтай артқан. Мәселен, 2023 жылы елде 215 миллион литр энергетикалық сусын сатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жеткен. Яғни екі жыл ішінде сатылым көлемі 65 пайызға өскен.

Осыған байланысты депутат энергетикалық сусындардың нарығына бақылауды күшейту қажет деп санайды.

Атап айтқанда, ол:

- энергетиктердің құрамындағы кофеин мен өзге де белсенді заттардың нақты мөлшерін тексеруді;

- БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарнамасына қатаң шектеу енгізуді;

- энергетикалық сусындардың адам денсаулығына әсерін жан-жақты зерттеуді;

- интернет арқылы сатылуын бақылауды ұсынды.

Сонымен қатар депутат энергетикалық сусындарды өндіруге, Қазақстанға әкелуге және сатуға толық тыйым салу мәселесін қарастыру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда 2025 жылдан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынған. Ал 2026 жылдан бастап энергетикалық сусындарға акциз салығы енгізілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp