Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда ғылыми жобалар конкурсына 11 мыңға жуық оқушы қатысып жатыр

Бақытжан Мұса
ҚР Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Еліміздің өңірлерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтуде. Биыл оқушылар 19 секция бойынша 9 мыңға жуық ғылыми жобаны ұсынды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ашық көрме форматында қорғайды. Олар зерттеу нәтижелерін арнайы стендтерде таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.

Бірінші турда жүлделі орындарға ие болған оқушылар екінші кезеңде бейіндік пәндер бойынша тест тапсырады.

Конкурстың басты мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту және жас ғалымдарды қолдау.

2026-2027 оқу жылында байқауға 28 913 оқушы 24 317 ғылыми жобамен тіркелген.

Ал республикалық финалда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үздік деп танылған жобалардың авторлары АҚШ-та өтетін Regeneron ISEF 2027 халықаралық ғылыми және инженерлік жобалар көрмесіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp