Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен айналысқан 13 қытайлық ұсталды

Малика Хамит 16 қаралым
Қазақстанда интернет-алаяқтықпен айналысқан 13 қытайлық ұсталды

Тексеру барысында шетелдіктерден көптеген компьютер мен ұялы телефон, Starlink спутниктік интернет жабдықтары және криптоәмияндарда сақталған қомақты қаражат табылған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, топтың әрекеті басқа елдердің азаматтарына қарсы бағытталған. Ал алаяқтық схемасы шетелден үйлестіріліп отырған.

Тергеу Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілген. Тексеру кезінде ұсталғандардың кейбірі Қытайда осыған ұқсас әрекеттеріне байланысты іздеуде жүргені анықталған.

2026 жылғы 16 қазанда 13 шетелдік әкімшілік тәртіппен Қазақстаннан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp