Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда креативті экономиканы дамытуға арналған заң жобасы талқыланды

Бақытжан Мұса
Құрылтай
Құрылтай

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде «Креативті экономика туралы» заң жобасын әзірлеу мәселелері талқыланды. Көшпелі отырысқа депутаттар, мемлекеттік органдардың, креативті индустрия, IT және стартап қауымдастықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Кездесу барысында креативті индустрияны дамыту, отандық таланттарды қолдау және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар шығармашылық өнімдерді экспортқа шығару және салаға салықтық ынталандыру тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Қатысушылар өңірлерде креативті индустрияны дамытуға тең мүмкіндік берудің маңызын да атап өтті. Бұл бағытта шығармашылықпен айналысатын азаматтар мен кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру мәселесі көтерілді.

Жиын қорытындысы бойынша заң жобасын одан әрі пысықтауға арналған ұсыныстар жинақталды. Талқылау нәтижелері туралы Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев бейнероликте баяндады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp