Қазақстандықтар мобильді интернетті әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан пайдаланады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қараша айындағы рейтинг бойынша еліміз интернет тарифтерінің қолжетімділігі жағынан 55 елдің ішінде 7-орынға жайғасқан.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда мобильді байланыстың орташа айлық құны шамамен 10 долларды құрайды. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 27 долларға жуық. Яғни еліміздегі интернет тарифтері әлемдік орташа бағадан үш есеге жуық арзан.
Дегенмен интернетті тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді. Сондықтан байланыс жылдамдығын жақсартып, 5G желісін кеңейту үшін ұялы байланыс операторлары инфрақұрылымға көбірек инвестиция салуы қажет.
Жаслан Мәдиевтің сөзінше, мұнда екі маңызды мәселенің тепе-теңдігін сақтау керек: интернет халыққа қолжетімді болуы және телекоммуникация саласы инвесторлар үшін тартымдылығын жоғалтпауы тиіс.