Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда өрт қауіпсіздігі бойынша 208 профилактикалық іс-шара өткізілді

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Еліміздің барлық өңірінде «Қауіпсіздік баршаға қолжетімді» ұранымен өрт қауіпсіздігін түсіндіруге бағытталған профилактикалық акция жалғасып жатыр. Оның бесінші күні 10 мыңнан астам адамды қамтыды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іс-шаралар ерекше қажеттіліктері бар адамдар, қарт азаматтар және әлеуметтік мекеме қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.

Акцияның бесінші күні республика бойынша 208 профилактикалық іс-шара өткізілді. Оған 2184 ерекше қажеттілігі бар адам қатысты.

Сонымен қатар 145 нұсқама мен практикалық сабақ ұйымдастырылып, 77 оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді. Профилактикалық жұмыстарға 108 әлеуметтік және білім беру мекемесі тартылып, 1076 ТЖМ қызметкері жұмылдырылды.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – халықтың өрт қауіпсіздігі туралы сауаттылығын арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Толығырақ ТЖМ ресми сайтынан оқуға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp