Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін қорғау күшейтіледі

Бақытжан Мұса
Magnific
Magnific

Қазақстанда медициналық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласын цифрландыруға қатысты заңнамалық өзгерістер ұсынылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Заң жобасы аясында денсаулық сақтау саласындағы цифрлық жүйелерді құқықтық реттеу жетілдіріліп, медициналық тәжірибеге ақпараттық жүйелер мен электрондық сервистерді енгізу көзделген.

Сонымен қатар Қазақстан аумағында жүргізілетін биомедициналық зерттеулер туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс құру, трансляциялық зерттеулер мен трансляциялық медицина ұғымдарын заң жүзінде айқындау ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, пациенттердің дербес медициналық деректерін қорғау тетіктері күшейтіліп, ағзаларды, ағзалардың бөліктерін және тіндерді трансплантаттау тәртібі нақтыланады. Бұл рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың денсаулық сақтау ұйымдарында болу мерзімдері де белгіленеді. Атап айтқанда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда балалар туғаннан бастап үш жасқа дейін, ал психикалық және физикалық дамуында бұзылыстары бар балалар төрт жасқа дейін орналастырылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp