Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда психологтардың жалақысына 300 пайызға дейін үстемеақы қосылуы мүмкін

Малика Хамит
Қазақстанда психологтардың жалақысына 300 пайызға дейін үстемеақы қосылуы мүмкін

Қазақстанда психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын арттыру ұсынылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жаңа бастамаға сәйкес, олардың базалық лауазымдық жалақысына 200–300 пайыз көлемінде қосымша ақы төленуі мүмкін.

Бұл туралы Үкімет қаулысының қоғамдық талқылауға шығарылған жобасында айтылған.

Құжатқа сәйкес, психологтарға базалық жалақысының 300 пайызы, ал әлеуметтік қызметкерлерге 200 пайызы мөлшерінде үстемеақы беру көзделген.

Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының қызметкерлеріне де қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, учаскелік дәрігерлер мен мейіргерлерге еңбек өтіліне қарай жалақысының 20–50 пайызы көлемінде үстемеақы қарастырылған.

Айта кетейік, бұл әзірге түпкілікті шешім емес, қаулы жобасы ғана. Құжат 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады. Егер ұсыныс мақұлданса, аталған мамандардың еңбекақысына өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp