Қазақстанда «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді. Нәтижесінде тіркеусіз тұрудың 8 мың дерегі анықталып, 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бірқатар жұмыс жүргізді.
Атап айтқанда, ел аумағында 20 мыңнан астам заңсыз жазу мен сурет тазартылды. Сонымен қатар 45 мыңнан астам қару иесі тексеріліп, тіркеусіз сақталған 62 қару тәркіленді.
Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.