Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда заңсыз қосымша жанармай бактарын орнатудың 634 дерегі анықталды

Бақытжан Мұса
ІІМ
ІІМ

Қазақстанда жыл басынан бері көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 634 дерегі анықталды. Ішкі істер министрлігі мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шараларды күшейтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Ішкі істер министрлігі қосымша жанармай бактары заңсыз орнатылған көлік құралдарын анықтау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Әсіресе мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттеріне жақын аумақтарда көлік құралдарын бақылау күшейтілген.

Рейдтердің негізгі мақсаты – ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын республика аумағынан заңсыз әкету әрекеттерін тоқтату.

Жыл басынан бері еліміз бойынша қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 634 дерегі тіркелген. Оның ішінде соңғы тәуліктің өзінде тағы екі заңбұзушылық анықталды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және заңсыз табыс табу мақсатында жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp