Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту үшін адами капиталға басымдық беру қажет

Бақытжан Мұса
UKIMET
UKIMET

KPMG компаниясының Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі басқарушы серіктесі әрі атқарушы директоры Сәкен Жұмашев Қазақстанда жасанды интеллектіні бизнес-үдерістерге енгізу және адами капиталды дамыту мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, жаңа технологияларды қолданудағы басты мақсат – еңбек өнімділігін арттыру. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Сәкен Жұмашевтың сөзінше, Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында оған мүше 16 компания жасанды интеллектіні тәжірибеде қолданудың нақты мысалдарын ұсынған.

Кездесу барысында жаңа технологиялық шешімдерді қазіргі уақытта пайдалану жолдары және олардың Қазақстан экономикасына тигізетін пайдасын арттыру мүмкіндіктері талқыланған.

Сондай-ақ ол Қазақстанның басты артықшылықтарының бірі – білімді әрі талантты адам капиталы екенін атап өтті. Осыған байланысты АҚШ тәжірибесін қайталап, ірі деректер орталықтарын салуға ғана ұмтылмай, отандық мамандардың әлеуетін арттыруға да назар аудару қажет екенін жеткізді.

Сәкен Жұмашевтың пікірінше, отандық деректер орталықтарын дамыту мен адами капиталға инвестиция салу қатар жүруі тиіс. Бұл жастар мен білікті мамандарға жасанды интеллектіні дамытуға және оны Қазақстан экономикасының нақты секторына енгізуге мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, заманауи технологияларды тиімді пайдалану үшін мамандардың білімі мен кәсіби дағдыларын жетілдіру маңызды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp