Қазақстан әлеуметтік қорғаумен қамту деңгейі бойынша Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл туралы сарапшы-талдаушы Яков Воронков айтты.
Халықаралық еңбек ұйымының соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстан халқының 94,3%-ы әлеуметтік қорғаудың қандай да бір түрімен қамтылған.
Салыстырсақ, Өзбекстанда бұл көрсеткіш – 56%, Қырғызстанда – 42,9%, Түрікменстанда – 42,7%, ал Тәжікстанда 34,1%-ды құрайды.
Сарапшы бұл көрсеткіш жәрдемақы алатын адамдардың нақты үлесін білдірмейтінін атап өтті. Оған әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қорғаудың түрлі тетіктері кіреді.
Қазақстанның адам дамуы бойынша да көрсеткіші жоғары. БҰҰ-ның Human Development Report 2025 есебінде Қазақстан адам дамуы өте жоғары деңгейдегі елдердің қатарына енген. Ел 193 мемлекет пен аумақтың ішінде 60-орынға жайғасқан.
Сонымен бірге 2027 жылдан бастап әлеуметтік қолдау жүйесінде өзгерістер күтіледі. 1 қаңтардан бастап жекелеген әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде отбасының әл-ауқат деңгейі ескерілмек.
Яков Воронковтың пікірінше, мұндағы мақсат - әлеуметтік көмекті қысқарту емес, оны нақты мұқтаж адамдарға бағыттау.
Сарапшының айтуынша, атаулы көмекті күшейту нәтижесінде босайтын қаражат қазіргі қолдауы жеткіліксіз отбасыларға қосымша көмек көрсетуге жұмсалуы мүмкін.
Әңгіме бюджет қаражатын жай ғана үнемдеу туралы емес, оны әлеуметтік жүйе аясында неғұрлым әділ қайта бөлу туралы