Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық 488 млн теңгенің алтынын денесіне жасырып, Қытайға өтпек болған

Малика Хамит
Қазақстандық 488 млн теңгенің алтынын денесіне жасырып, Қытайға өтпек болған

Алматы тұрғыны Қытайға 488 миллион теңгеге бағаланған алтынды жасырын алып өтпек болған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Алайда оның айласы кедендік тексеру кезінде әшкереленді.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, ер адам «Қорғас» кеден бекеті арқылы шекарадан өтпек болған кезде алтын құймаларды жабысқақ таспамен денесіне жабыстырып алған.

Тексеру барысында одан жалпы салмағы 5 келі 764 грамм болатын алтын табылып, тәркіленді.

Іс Панфилов аудандық сотында қаралды. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылды. Ал заңсыз алып өтпек болған 488 миллион теңгенің алтыны мемлекет кірісіне қайтарылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp