Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық делегация Анкарадағы медиация форумына қатысуда

Бақытжан Мұса
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Түркия астанасы Анкара қаласында Түркі әлемі медиаторлар одағының ұйымдастыруымен II медиация форумы өтіп жатыр. Халықаралық жиында түркі мемлекеттерінің өкілдері дауларды бейбіт жолмен шешу тетіктерін жетілдіру және медиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Форумға түркі мемлекеттерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, кәсіби медиаторлар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысуда.

Іс-шараның негізгі мақсаты – медиацияның құқықтық тетіктерін жетілдіру, дауларды сотқа жеткізбей шешудің тиімді жолдарын қарастыру және медиативтік келісімдер туралы ортақ конвенция қабылдау мүмкіндігін талқылау.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова еліміздегі медиацияны дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Ол мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы, қоғамдық келісімді нығайту және сындарлы диалог мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар қатысушылар әр мемлекеттің медиация саласындағы тәжірибесін талқылап, кәсіби байланыстарды нығайтуға және дауларды сотқа дейін реттеу тәжірибесін кеңейтуге назар аударды.

25–29 қараша аралығында өтіп жатқан форум түркі мемлекеттері арасындағы медиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp