Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық пара велоспортшылар Азия ойындарында екі алтын жеңіп алды

Малика Хамит 12 қаралым
Қазақстандық пара велоспортшылар Азия ойындарында екі алтын жеңіп алды

Қазақстандық пара велоспортшылар Азия ойындарында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы тағы да қуантты. Еліміздің спортшылары пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль иеленді.

Ерлер арасындағы B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарыста Наиль Ермуханбет пен оның пилоты Руслан Алиев қарсыластарынан озып, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Бұл сайыста Қазақстанның тағы бір жұбы - Кирилл Илюкевич пен Глеб Брусенский күміс медаль жеңіп алды.

Ал әйелдер арасындағы B класында өткен жеке уақытқа жарыста А. Калаус пен оның пилоты П. Братчикова мәреге бірінші болып жетіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық пара велоспортшылар ел қоржынына бір жарыс күнінде үш медаль қосты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp