Ресейге жұмыс істеуге кеткен, кейін Украинадағы соғыс аймағында қалған қазақстандықтардың бір бөлігі елге оралды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл жайлы заңгер Мейірман Шекеев хабарлап, президентке ерекше алғыс білдірді.
Заңгердің мәліметінше, бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге барған, алайда туыстарының айтуынша, Украинадағы соғысқа тап болған 13 қазақстандықты отанына қайтаруға көмек көрсетіліп жатқаны хабарланған еді. Қазір олардың бір бөлігі Қазақстанға оралған.
Мейірман Шекеев азаматтардың елге оралуын үлкен қуанышпен қабылдап, бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын екенін айтты.
Сондай-ақ ол Instagram парақшасында ер азаматтарды туған жеріне қайтаруға үлес қосқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне және осы іске атсалысқан барша азаматқа ризашылығын білдірді.
Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Эмоция кернеп тұрғанда не айтарыңды да білмей қаласың