Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Малика Хамит
Қазақстандықтарға екпе туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Қазақстанда вакцинация туралы мәліметтерді тексеруге арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Енді екпе алған азаматтарға немесе баланың заңды өкілдеріне арнайы SMS-хабарлама жолданады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Жаңа жүйе вакцинацияға қатысты деректердің дұрыстығын бақылауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматқа жіберілген хабарламада салынған вакцинаның атауы мен екпе жасалған күні көрсетіледі.

Хабарламаны алған азаматтан ақпараттың рас-өтірігін растау сұралады. Ол үшін екі жауап нұсқасы қарастырылған:

811 – «Иә». Егер көрсетілген күні вакцина шынымен салынған болса;

812 – «Жоқ». Егер азаматқа екпе жасалмаған болса.

Жауапты 1414 қысқа нөміріне жіберу қажет.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл жүйе медициналық ақпараттық базадағы мәліметтер мен іс жүзінде жүргізілген вакцинация арасындағы сәйкессіздіктерді дер кезінде анықтауға көмектеседі.

Осылайша, азаматтар өздерінің немесе балаларының екпе алу тарихын тексеруге қатысып, медициналық деректердің дұрыстығын растауға мүмкіндік алады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp