Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанға 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет

Малика Хамит 14 қаралым
Қазақстанға 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, медицина саласында кадр тапшылығы айқын байқалады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мәселен, акушер-гинекологтардың 469 бос орнына 100 түйіндеме, педиатрлардың 448 бос орнына 139 түйіндеме ғана тіркелген. Анестезиолог-реаниматологтарға да сұраныс жоғары.

Сонымен қатар электрик, дәнекерлеуші, механик, құрылысшы, жүргізуші және инженер мамандарына қажеттілік бар. IT саласында да бағдарламашылар мен цифрлық технологияларды меңгерген мамандар сұранысқа ие.

2026 жылы сұранысқа ие мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтілді. Оған инженерия, құрылыс, биотехнология және энергетика бағыттары енгізілді.

Қазір 552 колледждің 138 мың студенті дуальды оқыту жүйесімен білім алып жатыр. Бұл оларға кәсіпорындарда тәжірибе жинап, болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp