Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақстанмен қарым-қатынасымды бұзбаймын»: Садыр Жапаров Әблязовпен телефон арқылы сөйлескенін айтты

Малика Хамит 15 қаралым
«Қазақстанмен қарым-қатынасымды бұзбаймын»: Садыр Жапаров Әблязовпен телефон арқылы сөйлескенін айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2020 жылы Мұхтар Әблязовпен телефон арқылы сөйлескенін айтып, сол әңгімеде не талқыланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Super.kg басылымы хабарлады.

Жапаровтың сөзінше, сол кезде Әблязов Бішкекке келіп, Қазақстанда төңкеріс ұйымдастыруға рұқсат сұраған. Президентке телефонды қазір түрмеде отырған Мелис Аспеков берген. Екеуінің әңгімесі бірнеше минутқа ғана созылған. Бұл Әблязов айтқандай 40 минут болмаған.

Біріншіден, мен көрші елдердің саясатына араласпаймын. Екіншіден, сіз үшін Қазақстанмен қарым-қатынасымды бұзбаймын. Одан да келмеңіз, өз ісіңізбен айналысыңыз
деп жауап бергенін айтты Садыр Жапаров.

Президенттің мәлімдеуінше, ол бұған дейін Әблязовпен таныс болмаған. Сондай-ақ өзінен ақша сұрады деген сөздерді де жоққа шығарды.

Төңкеріс болып қойған, мен билікке келіп қойған едім. Ол кезде маған ақша қажет болған жоқ. Мені түрмеден шығарып, президенттікке жеткізген халық мені ақшасыз-ақ сайлай алар еді
деді Қырғызстан басшысы Super.kg басылымына берген сұхбатында.
Бөлісу: Telegram WhatsApp