Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстаннан 1,5 млрд теңгенің алтын құрамды кенін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Малика Хамит 9 қаралым
Қазақстаннан 1,5 млрд теңгенің алтын құрамды кенін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Жетісу облысында шетелге 2,6 мың тонна алтын құрамды кенді заңсыз экспорттау әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Шикізаттың жалпы құны 1,5 млрд теңгеге бағаланған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер кенді шетелге шығару кезінде оның нақты құрамын жасыруға тырысқан. Кедендік құжаттарда бағалы шикізат «мыс кені мен концентраттары» ретінде көрсетілген.

Тергеу барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалар тексеріліп, ірі контейнерлерге тиелген 1 мың тоннадан астам шикізат табылды.

Заңсыз экспортты ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен «RedGold Mining» ЖШС директоры және басқа да тұлғалар анықталды.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ сот санкциясымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp