Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстаннан Түркияға миллиондаған теңгенің алтынын жасырын алып өтпек болған

Малика Хамит
Қазақстаннан Түркияға миллиондаған теңгенің алтынын жасырын алып өтпек болған

Шымкент әуежайында кедендік бақылаудан жасырылған 2,8 келіге жуық алтын тәркіленді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бағалы металды Өзбекстан азаматтары Түркияға заңсыз алып кетпек болған.

Бас прокуратураның мәліметінше, алтынның жалпы құны 227,8 миллион теңгеге бағаланған.

Заңсыз тасымалдаушылар бағалы металды кеден қызметкерлеріне көрсетпеу үшін айлаға барған. Олар алтын бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларының арасына жасырған.

Алайда заңсыз әрекет әшкереленіп, алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім сот үкімі шыққанға дейін Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp