Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман мен үсік күтіледі

Бақытжан Мұса
Фото твойгород.com
Фото твойгород.com

«Қазгидромет» еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. Синоптиктер тұман, үсік, көктайғақ және қар жаууы мүмкін екенін хабарлады. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Ал Қызылорда және Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында үсік жүруі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында аздаған қар жауып, тұман түседі. Сонымен қатар жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Тұрғындарға ауа райы жағдайын ескеріп, жолда және ашық аумақта сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp