Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның көрікті жерлері мен табиғаты желіде насихатталды

Бақытжан Мұса
Видеодан скрин
Видеодан скрин

Шөл даладан таулы аймақтарға дейінгі Қазақстан табиғатының әсем көріністері түсірілген бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бейнематериалда еліміздің табиғи байлығы мен алуан түрлі ландшафтары көрсетілген. Кадрлардан құмды шөлдерді, түйе керуендерін, ерекше пішінді ақ жартастар мен каньондарды көруге болады.

Сондай-ақ дронмен түсірілген кадрлар Қазақстан табиғатының кеңдігі мен сұлулығын айқын көрсетеді. Видеода гүлдеген лотос алқаптары мен су бетінде қайықпен жүзген сәттер де қамтылған.

Танымдық бейнежазба еліміздің туристік әлеуетін танытып, көрікті жерлеріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Мұндай материалдар Қазақстанның табиғи мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp