Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның Марокко мен Кубадағы жаңа елшілері тағайындалды

Бақытжан Мұса
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Марокко Корольдігі мен Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Атап айтқанда, Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстанның Мароккодағы, ал Олжас Әзілұлы Исабеков Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp