Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның тағы төрт тасжолында орташа жылдамдық бақыланады

Бақытжан Мұса 15 қаралым
Pinterest.com
Pinterest.com

2026 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстанның республикалық маңызы бар тағы төрт автожол учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды. Жаңа учаскелер Орал, Ақтөбе, Қостанай және Қандыағаш бағыттарын қамтиды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жылдамдықты бақылау жүйесі мына жол учаскелерінде жұмыс істейді:

  • «Орал – Ресей шекарасы (Самара)»;

  • «Ақтөбе – Ресей шекарасы (Орынбор)»;

  • «Қостанай – Денисовка»;

  • «Қандыағаш – Мақат».

Қазақстанда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі 2025 жылғы 17 наурыздан бастап енгізілген. Оның мақсаты – жүргізушілердің жол бойында белгіленген жылдамдық режимін сақтауын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Жыл соңына дейін орташа жылдамдықты бақылайтын учаскелердің саны артады деп жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында сапар уақытын алдын ала жоспарлап, бүкіл бағыт бойынша жылдамдық шектеулерін сақтауға кеңес беріледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp