«Қазатомөнеркәсіпте» тағы бір топ-менеджер қызметінен кетті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма құрамында тағы бір өзгеріс болды. Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор Дархан Сағындықов қызметінен кетті.
Компанияның хабарлауынша, ол 2026 жылғы 26 қарашада өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш берген. Осыған байланысты директорлар кеңесі Сағындықовтың басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, бұл – соңғы уақытта компанияның жоғары басшылығындағы алғашқы өзгеріс емес. Бұған дейін коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбеков те басқарма құрамынан кеткен болатын.
Омарбеков сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталғаны хабарланған.
Осылайша, қысқа уақыт ішінде «Қазатомөнеркәсіп» басқарма құрамындағы бірнеше басшы ауысты.