Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазхром» шахтасында жарақат алған кенші ауруханада көз жұмды

Малика Хамит
«Қазхром» шахтасында жарақат алған кенші ауруханада көз жұмды

Ақтөбе облысында «Қазхром» компаниясына қарасты шахтада жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Өндірістік жарақат алған кеншінің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.

Қайғылы оқиға 29 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтада болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, вагондарды тіркеу жұмыстары кезінде тау-кен жұмысшысы жарақат алған. Оны дереу Хромтау аудандық ауруханасына жеткізгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, кенші көз жұмды.

«Қазхром» компаниясы марқұмның отбасына көңіл айтып, жақындарына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Жазатайым жағдайға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp