Мазмұнға өту
qandastar.

ҚазҰУ студенті кісі қолынан қаза тапты: күдікті ұсталды

Малика Хамит
ҚазҰУ студенті кісі қолынан қаза тапты: күдікті ұсталды

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қайғылы оқиғаны университеттің баспасөз қызметі растады.

Марқұм география және табиғатты пайдалану факультетінде білім алған.

Университет әкімшілігі студенттің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтып, отбасыға материалдық және моральдық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Университет құқық қорғау органдарына тергеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетуде.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталды.

«Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Университет өкілдері марқұмның отбасының қайғысына құрметпен қарап, ресми расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp