Мазмұнға өту
qandastar.

Қорадағы 126 қой бір күнде қырылған: Бейнеу әкімдігі түсініктеме берді

Малика Хамит · · 60 қаралым
Қорадағы 126 қой бір күнде қырылған: Бейнеу әкімдігі түсініктеме берді

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бір шаруашылықтағы 126 қой қырылып қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға 28 қыркүйекте болған.

Әлеуметтік желіде қорада жатқан өлген қойлардың видеосы тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, мал «Бейнеу Су Сервис» кәсіпорны маңында жиналған судан су ішкен.

Алайда қойлардың нақты неден өлгені әзірге анықталған жоқ. Мамандар су көзінен және өлген малдардан сынама алып, зертханаға жіберді. Нәтиже шамамен 10 күннен кейін белгілі болады.

Әкімдік мәліметінше, тірі қалған қойлардан жұқпалы ауру белгілері байқалмаған.

Қырылған мал ветеринариялық талаптарға сай жойылып, қораға дезинфекция жүргізілді. Оқиғаға қатысты тексеру жалғасып жатыр. Мәселе аудан әкімінің бақылауында.

Бөлісу: Telegram WhatsApp