Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Атап айтқанда:
Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды;
Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің бірден үш басшысын қызметінен босатқан еді.