Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды. Үш әскери қызметші атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.