Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанай облысында 200-ден астам азамат тәуелсіздік тақырыбында диктант жазды

Бақытжан Мұса
Gov.kz
Gov.kz

Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында «Қазақстан Тәуелсіздігі – баға жетпес құндылық» тақырыбында облыстық диктант өтті. Оған 200-ден астам азамат қатысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Іс-шараға облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары мен түрлі салада қызмет ететін 200-ден астам маман қатысты.

Диктант өткізудің негізгі мақсаты – Қазақстан тәуелсіздігінің құндылықтарын дәріптеу, азаматтардың патриоттық рухын көтеру, құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Сонымен қатар шара мемлекеттік тілге деген құрметті нығайтуға, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға және отансүйгіштік қасиеттерді дамытуға бағытталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp