Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанай облысында колледжде оқымай жүрген 45 студент оқудан шығарылды

Малика Хамит
Қостанай облысында колледжде оқымай жүрген 45 студент оқудан шығарылды

Қостанай облысындағы агротехникалық колледжде тексеру жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Нәтижесінде 45 студент оқудан шығарылып, колледж директоры қызметінен кетті.

Қарабалық ауданының прокуратурасы оқу орнындағы білім беру процесін ұйымдастыру, мемлекеттік мүлікті басқару және студенттердің қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді тексерген.

Тексеру барысында сабаққа іс жүзінде қатыспайтын 45 студенттің әлі де білім алушылар қатарында тіркелгені белгілі болды. Соның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Бұдан бөлек, бес жыл бойы жарамсыз деп танылған көліктер есептен шығарылмаған. Ал 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайынан да кемшіліктер табылған.

Прокуратураның араласуынан кейін:

сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылды;

7 оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

колледж директоры қызметінен босатылды;

ескі көліктерді есептен шығару жұмыстары басталды;

жатақхананы жөндеуге қажетті құжаттар әзірленіп жатыр.

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp