Қостанай облысының Қарабалық ауданында минералды мақта тасымалдаған жүк көлігі өртенді. Оқиға «Алматы – Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолының 208-шақырымында, Приуральское ауылынан шамамен 5 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде жүк көлігін толықтай жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, тілсіз жауды толықтай сөндірді.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.