Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанайда ГАЗ-ды апатқа ұшыратып, кейін Audi-ді айдап әкеткен

Малика Хамит 16 қаралым
Қостанайда ГАЗ-ды апатқа ұшыратып, кейін Audi-ді айдап әкеткен

Қостанайда мас күйдегі үш ер адам екі көлікті кезекпен айдап әкеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қостанайда үш ер адам алдымен бір көлікті айдап әкетіп, жол апатына ұшыраған. Алайда олар мұнымен тоқтамай, екінші автокөлікті де заңсыз иеленген.

Полицияның мәліметінше, күдіктілердің барлығы – Қостанай қаласының тұрғындары. Алдын ала дерек бойынша, оқиға кезінде ер адамдар алкогольдік масаң күйде болған.

Олар әуелі ГАЗ маркалы автокөлікті заңсыз иеленіп, жол-көлік оқиғасына түскен. Кейін Audi маркалы көлікті айдап әкеткен.

Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Құқық қорғау органдары көлікті заңсыз иелену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp