Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанайда қызылға өтіп, автобуспен соқтығысқан жүргізуші қаза тапты

Малика Хамит
Қостанайда қызылға өтіп, автобуспен соқтығысқан жүргізуші қаза тапты

Қостанайда 25 қазанда кешкі уақытта Volkswagen Passat автокөлігі мен маршруттық автобус соқтығысып, адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы облыстық полицич мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, сағат 21:10 шамасында жеңіл көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабын елемей, жолын жалғастырған. Кейін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында қызыл түске өтіп, маршруттық автобусқа соғылған.

Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Автобуста болған 55 адамның екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp