Мазмұнға өту
qandastar.

«ҚТЖ» басшылығының ұсталуынан кейін компания мәлімдеме жасады

Малика Хамит
«ҚТЖ» басшылығының ұсталуынан кейін компания мәлімдеме жасады

«Қазақстан темір жолы» басшылығының ұсталғаны туралы ақпараттан кейін компания алғаш рет ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, ҚТЖ қалыпты жұмыс режимінде жұмысын жалғастырып жатыр. Пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ, жолаушылар мен жүк тасымалы толық көлемде жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ компания қозғалыс қауіпсіздігі мен пойыздардың кестеге сай жүруі тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттеме орындалып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиев және өзге де тұлғалардың ұсталғанын хабарлаған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp