Мазмұнға өту
qandastar.

Қуат Хамитов жеңісінен кейін ұлтқа бөлінбеуге шақырды

Бақытжан Мұса
instagram.com/kuat__khamitov/
instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ACA 209 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін жанкүйерлерге арнайы үндеу жасады. Спортшы өз сөзінде ұлтқа бөлінбеуге, өзге халықтарды құрметтеуге және бейбітшілікті сақтауға шақырды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жекпе-жектен кейін сөз алған Қуат Хамитов ұлтшылдық пен нацизмге қарсы пікір білдіріп, нағыз патриотизм өзге ұлттарды жек көруді білдірмейтінін атап өтті.

«Барлығымыз нацизмді тоқтатайық! Орыс тілді елдер, ТМД елдері әрқашан бірге болуымыз керек. Мен нағыз патриот ретінде өз елімді, өз халқымды сүю үшін басқа ұлтты жек көрудің қажеті жоқ деп есептеймін», – деді спортшы.

Сондай-ақ ол адамдарды ұлтына қарап емес, жақсы және жаман қасиеттеріне қарай бағалау керектігін жеткізді. Оның айтуынша, халықтар бір-бірін құрметтеп, татулықта өмір сүрсе, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық орнайды.

Спортшының үндеуі өзара сыйластық пен ұлтаралық келісімнің маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp