Мазмұнға өту
qandastar.

Құрылтай мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер енгізуді қарайды

Бақытжан Мұса 37 қаралым
Құрылтай
Құрылтай

Құрылтай Бюросының отырысында алдағы отырыстың күн тәртібі айқындалды. Депутаттар мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер енгізу және бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау мәселелерін қарайды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай жеткізу саласындағы келісімді және Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау мәселелерін талқылауға енгізді.

Сонымен қатар Құрылтай жанынан мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құру мәселесі қаралады. Кеңес өңірлердің ұсыныстарын жинақтауға, заңдардың қолданылуын бақылауға және заңнаманы жетілдіруге бағытталады.

Бұдан бөлек, депутаттық сауалдармен жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілді. Құжат депутаттық сауалдарды сүйемелдеудің бірыңғай тәртібін енгізуді көздейді. Сондай-ақ цифрлық құралдар мен жасанды интеллект арқылы құжаттарды дайындау және жауаптардың толықтығын тексеру үдерістерін автоматтандыру ұсынылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp