Құрылтайда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және олардың нақты игерілуіне бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасы талқыланды. Бұл мәселе Жер кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысында қаралды. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Отырыс барысында жер учаскелерінің пайдаланылуын бағалау өлшемдерін жетілдіру мәселесіне назар аударылды. Атап айтқанда, бақылау кезінде әрбір жер учаскесінің жекелеген бөліктеріне объективті баға беру тетіктері талқыланды.
Сонымен қатар омарта шаруашылығының ерекшеліктерін ескеру мәселесі көтерілді. Осыған байланысты бір ара отбасына қажетті жер көлемінің ғылыми негізделген нормативін әзірлеу ұсынысы қаралды.