Мазмұнға өту
qandastar.

Құрылтайда орман қорын сақтау және көбейту мәселелері талқыланды

Бақытжан Мұса
Құрылтайда орман қорын сақтау және көбейту мәселелері талқыланды

Құрылтайдың Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің ұйымдастыруымен орман әлеуетін дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында орман ресурстарын сақтау, молайту және тиімді пайдалану, сондай-ақ олардың экологиялық және климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі рөлі талқыланды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Іс-шараны комитет төрағасы Серік Егізбаев жүргізді. Жиынға БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Раднарагча Саранго қатысып, баяндама жасады.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге бірқатар министрліктің, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Жиында орман қорын қорғау, орман алқаптарын көбейту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

Серік Егізбаев орман әлеуетін дамыту еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp