Желтоқсан айында Құрылтайда экономиканың негізгі салаларын цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған тыңдау өтеді. Бизнес өкілдері, ғалымдар, IT-мамандар мен жасанды интеллект саласының сарапшылары өз ұсыныстарын жолдап, салалық жұмыс топтарының қызметіне қатыса алады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Тыңдаудың негізгі мақсаты – экономиканың нақты секторларын дамытуға бағытталған цифрландыру бастамаларын қарастыру және салалық мәселелерді шешуге арналған ұсыныстарды талқылау.
Ұсыныстарды жолдау және жұмыс топтарының жұмысына қатысу тәртібі арнайы инфографикада көрсетілген.