Мазмұнға өту
qandastar.

Қыркүйекте жемқорлықтан келген залал 3,7 млрд теңге болды

Малика Хамит 25 қаралым
Қыркүйекте жемқорлықтан келген залал 3,7 млрд теңге болды

ҰҚК қыркүйекте 106 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қыркүйек айындағы жұмысының нәтижесін жариялады.

Бір ай ішінде ведомство 106 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеген. Олардың арасында пара алу, алаяқтық, тонау, заңсыз әрекеттер жасау және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бар.

Тергеу барысында 93 адам күдікті деп танылды.

Сонымен қатар қыркүйекте 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жолданған.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке немесе азаматтарға келтірілген анықталған залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp