Мазмұнға өту
qandastar.

Қытай әлемдегі алғашқы әуе жел электр станциясын сынақтан өткізді

Бақытжан Мұса
youtube.com
youtube.com

Қытай мамандары әлемдегі алғашқы аэростатты жел энергетикалық қондырғысын сәтті сынақтан өткізіп, оны электр желісіне қосты. Жаңа технология жоғары биіктіктегі тұрақты ауа ағындарын пайдаланып, электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Инновациялық қондырғы дәстүрлі жерүсті және теңіз жел турбиналарынан ерекшеленеді. Ол сақиналы аэродинамикалық құрылымдарға біріктірілген турбиналары бар ірі аэростат түрінде жасалған.

Жүйе жоғары биіктікке көтеріліп, жер бетіне қарағанда күштірек әрі тұрақты жел ағындарын пайдаланады. Осы арқылы электр энергиясын өндіру тиімділігін арттыру көзделген.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай технология болашақта жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жаңа мүмкіндік ашады. Әсіресе дәстүрлі электр желілерінен шалғай орналасқан аумақтарды қуатпен қамтамасыз етуде маңызы зор болуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp