Мазмұнға өту
qandastar.

Қыздар танысудан бас тартқан: Шымкентте ер адам стақан лақтырып, қызды жарақаттады

Малика Хамит
Қыздар танысудан бас тартқан: Шымкентте ер адам стақан лақтырып, қызды жарақаттады

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде ер адам қызға шыны стақан лақтырып, оны жарақаттады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға 25 қарашада болған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, көрші үстелде отырған ер адамдар қыздармен танысқысы келген. Алайда қыздар ұсыныстан бас тартқан. Осыдан кейін ер адамдардың бірі оларға қарай шыны стақан лақтырып жіберген.

Салдарынан қыздың ерні мен қолы жарақаттанып, дәрігерлер оған тігіс салуға мәжбүр болған. Ал оқиғаға қатысы бар ер адамдар полиция келгенше дәмханадан шығып кеткен.

Аталған жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp