Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылорда облысында жаңа туған нәресте ТЖМ тікұшағымен шұғыл жеткізілді

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Қызылорда облысында жаңа туған нәрестені медициналық мекемеге жеткізу үшін санитариялық авиацияның өтінімі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы іске қосылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Тікұшақ Қызылорда – Жаңақорған – Қызылорда бағыты бойынша ұшты. Бортта екі экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болды.

Ұшу кезінде нәрестенің жағдайы медицина мамандарының тұрақты бақылауында болды. Нәтижесінде сәби қажетті медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі санитариялық авиацияның мұндай рейстері шұғыл медициналық көмек көрсетуге бағытталғанын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp