Қызылордада қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
14 жастағы жасөспірімнің кеудесіне бұрағыш сұғылып, ол көз жұмды. Күдікті де кәмелетке толмаған.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 21 қазанда қаланың орталық алаңында болған. Сол жерде жұмыс істеп жүрген 14 жастағы баланың кеудесіне бұрағыш сұғылған.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу кәмелетке толмағанның өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.
Күдікті жасөспірім облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша да қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған.